Тоқаев футболшы Пеленің қайтыс болуына көңіл айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға жедел хат жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды qaz365.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті",- делінген Ақорда таратқан ақпаратта.