Кәсіпорынның жүз пайыз иесі «АрселорМиттал» компаниясына тиесілі
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистердің «АрселорМиттал» компаниясына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, «АрселорМиттал» акционерлерінің арасында экс-Президенттің туыстары жоқ.
«Жоқ. «АрселорМиттал» бізге берген ақпаратқа сәйкес, олар осы кәсіпорынның жүз пайыз иесі. Олардың бұл акцияларды шектеусіз басқаруға толық құқығы бар», – деді Шарлапаев.
Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев Серік Ахметов «АрселорМиттал» инвесторы болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты жауап берген болатын.