×

Серік Ахметов «АрселорМиттал» инвесторы болатыны рас па – министр жауап берді

Соңғы күндері Қарағанды облысында әкім болған, кейін ел Үкіметін басқарған Серік Ахметовті билікке қайтару жайлы пікірлер тараған еді.

Серік Ахметов «АрселорМиттал» инвесторы болатыны рас па – министр жауап берді
Коллаж: Qaz365.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тілшілер одан «экс-премьер кеніштің жаңа инвесторы болуы мүмкін бе» деп сұрады.

«Нақты инвесторлық бойынша ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Мен бұл активке шетелдік инвесторларды тарту жоспарланып отырған жоқ екенін айттым. Кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл мәселе әлі талқыланған жоқ»,– деді министр.

Сондай-ақ Шарлапаев активке (АрселорТеміртау) шетелдік инвесторларды тарту жоспарда жоқ екенін айтты.

«Еңбек жағдайы мен қызметкерлер саны өзгеріссіз қалады», – деді Қанат Шарлапаев.

Еске салайық, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсанында «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету», «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу», «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» және «заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» баптары бойынша он жылға бас бостандығынан айырылды.

2016 жылдың наурызында сот жазаны өтеу мерзімін сегіз жылға қысқартты, ал 2017 жылдың қаңтарында Ахметов Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жарияланған рақымшылық бойынша жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту туралы өтініш жасады.

Кейін Серік Ахметовтың жазасын өтеудің нақты мерзімі бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, колониядан босатылды.

2021 жылдың қыркүйегінде бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі аяқталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Кеше, 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →