×

«Арселорды тізе бүктіріп, тәртіп орната алады». Желіде Серік Ахметовты билікке қайтару керектігі айтылып жатыр

Бұған дейін Вадим Васин Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған

«Арселорды тізе бүктіріп, тәртіп орната алады». Желіде Серік Ахметовты билікке қайтару керектігі айтылып жатыр
Reuters

Бірнеше жыл Қарағанды облысында әкім, кейін ел Үкіметін басқарған Серік Ахметовті билікке қайтару керек дейтіндер бар. Бұл бүгінгі Қарағандыдағы қайғылы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде қайта көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мені ешкім естімейтін шығар. Бірақ Қарағандыда енді экс-ке айналып үлгерген Арселорды тізе бүктіріп, тәртіп орнататын адам бар. Теміртау халқын өз отбасындай таниды. Облыс әкімі де болды. Министрліктен пара алғандардың бәрін біледі. Тізгінді қолға алса, жұмысты ілгерілетіп алып кетер еді. Өзі басынан талай нәрсе өтсе де, берілмеді. Менің айтып отырған адамым – Серік Ахметов. Кешіріңіздер, бірақ мен Басинге сенбеймін. Ол осы креслоларда әлдеқашан отырды. Ал мен Ахметовке сенемін, өйткені 90-жылдардың аяғында оның келуімен Теміртаудың қалай өзгергенін көрдім. Ахметовтің денсаулығы билікке келуге жетеді. Ол осы мәселелерді шешіп, сосын халықтың батыры ретінде зейнетке шығуы тиіс», – деп жазды Татьяна Голубцова есімді қолданушы.

Желіде оны қолдап жатқандар көп. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Вадим Басин басқаратынын айтқан еді. 

«Ол бір кездері «АрселорМиттал» компаниясында жұмыс істеген, облыс әкімінің орынбасары болған. Мен оған қайтып осы кәсіпорынды басқаруды, бақылауды қолға алуды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығы ойдағыдай жұмыс істей алмады», – деді Президент.

Бұған дейін Вадим Васин Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Еске салып өтсек, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсанында «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету», «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу», «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» және «заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» баптары бойынша он жылға бас бостандығынан айырылды.
2016 жылдың наурызында сот жазаны өтеу мерзімін сегіз жылға қысқартты, ал 2017 жылдың қаңтарында Ахметов Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жарияланған рақымшылық бойынша жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту туралы өтініш жасады.
Кейін Серік Ахметовтың жазасын өтеудің нақты мерзімі бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, колониядан босатылды.
2021 жылдың қыркүйегінде бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі аяқталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →