×

Макрон Қарағандыдағы апатқа байланысты қазақ тілінде көңіл айтты

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Макрон Қарағандыдағы апатқа байланысты қазақ тілінде көңіл айтты
Фото: Kay Nietfeld - Pool/Getty Images

Франция президенті Эмманюэль Макрон  Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан халқына қазақ тілінде көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

«Қазақстанға ресми сапарыма, қазақ халқына деген достық қарым-қатынасымды көрсетуге бірнеше күн қалғанда ел шахталарының біріндегі қайғылы жағдай туралы хабар келді. Шахтада қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Эмманюэль Макрон Facebook желісінде.

1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Франция басшысынан бөлек, апатқа байланысты Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері мен Түркия Сыртқы істер министрлігі де көңіл айтты. 
Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Соңғы мәлімет бойынша 33 кеншінің денесі табылды. Әлі 13 адам іздестіріліп жатыр.

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →