×

Қазақстан халқы бірлігі күні Алматыда қалай тойланды

Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Қазақстан халқы бірлігі күні Алматыда қалай тойланды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды.

Концерттік бағдарлама «ЖасStars» тобының орындауындағы «Ұлы жер» композициясымен ашылды. Көрермендердің алдында Агугай ансамблі, «Дервиши» тобы, Анжелика Шағарова, «Наири» ансамблі, «Қазан нұрлары» ансамблі (Татарстан), «Узбегим» ансамблі (Өзбекстан), Руми және Янис, «Бахар» кавказ би ансамблі, «Эламан» дуэті (Қырғызстан), Роман Ким этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары және “МузАрт” тобы өнер көрсетті.

Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастрофестиваль өтті. Оннан астам ресторатор қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр асханасының ұлттық тағамдарын ұсынды. Түскен қаражат «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылып, су тасқынының салдарын жою мақсатына жұмсалады. 

Мерекелік бағдарлама Maxi Fest қайырымдылық концертімен жалғасты. Сахнада Айқын, Qanay, Ayreе, Кешю тобы, Илхан Ықсан, Бекзат Кунанбай, Сиситай, Азия тобы, Артур Давлетияров, Әйгерім Қалаубаева, Ұланғасыр Қами және АLPHA тобы сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.