×

Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды

Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
Air Astana

Air Astana әуе компаниясының Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған ұшағы техникалық себептерге байланысты Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуе кемесі елордадан таңғы сағат 08:54-те ұшып шыққан, алайда 11:34-те Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған. Компания өкілдерінің айтуынша, ұшақта техникалық ақау пайда болғандықтан, экипаж қауіпсіздік мақсатында қону туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін Алматыдан Ақтөбеге резервтік ұшақ жіберілді. Оның аттану уақыты сағат 14:20-ға жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →