×

Қызылорда облысының тізгіні кімге бұйырды: Өңірге жаңа әкім келді

Қызылорда облысының тізгіні кімге бұйырды: Өңірге жаңа әкім келді
Жаслан Жұмабеков

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтепме жасап.

Мемлекет басшысының тиісті жарлығымен ол Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымынан босатылды.

Жаңа әкім бұған дейін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымында «Amanat» партиясының атынан депутат болған. Ол өңір басшылығына келер алдында заң шығарушы органдағы қызметін тоқтатып, мемлекеттік қызметтің атқарушы тармағына ауысты.

Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы совхоз экономисі болып бастап, кейіннен банк саласында және облыс әкімдігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарды.

Тәжірибелі шенеунік бұған дейін де басқарушылық лауазымдарда болған. Атап айтқанда, 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарса, кейінгі жылдары облыстың Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарын басқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →