×

ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты

Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі

ШҚО әкімі «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысты
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жеңіс күніне орай облыс орталығындағы Даңқ мемориалында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 

Сұрапыл соғыстан оралмаған шығысқазақстандық боздақтардың рухына тағзым етіп, өшпес ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға жиналғандар жалпы саны 7199 шырақ жақты. Шырақтар жоғарыдан қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі. Себебі биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 81 жыл толып отыр.

Ары қарай шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Соңында халық отшашуды тамашалады.  

Айта кетейік, «Өз шырағыңды жақ» акциясы Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда 150 адамнан құралған хор симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Жеңіс күні» әнін екі тілде орындады
Бүгін, 17:04

Жетісуда 150 адамнан құралған хор симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Жеңіс күні» әнін екі тілде орындады

Балалар бейбітшіліктің символы ретінде көкке тірі көгершіндерді ұшырды
Облыс әкімі көзі тірі соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді
Қарудан оқ атылып, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді
Майдангердің үйінің алдында Отан қорғаушылар саппен жүріп өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →