×

Қазақстанда хантавирус таралуы мүмкін бе: Мамандар жауап берді

Қазақстанда хантавирус таралуы мүмкін бе: Мамандар жауап берді
REUTERS/Dado Ruvic

Қазақстанда хантавирус инфекциясының таралу қаупі жоқ, алайда мамандар шетелден келетін қауіпке дайын отыр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда елімізде бұл вирустың қоздырғышы мүлдем тіркелмеген.

Эпидемиологтар адамнан адамға жұғатын оңтүстік-америкалық Andes orthohantavirus (ANDV) штаммына ерекше назар аударып отыр. Мамандар еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесі кез келген қауіпті дер кезінде анықтауға қауқарлы екенін айтады. Дегенмен халықаралық қатынастардың жиілеуіне байланысты вирустың сырттан келу ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Сондықтан қазақстандықтарға шетелге шығар алдында Saqbol қосымшасы арқылы баратын еліндегі эпидемиологиялық ахуалды алдын ала тексеру ұсынылды. Мамандар сақтық шарасы ретінде кеміргіштерден аулақ болуды, жеке гигиенаны сақтауды және тек таза су ішуді ескертеді. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда, сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Еске салсақ, мамыр айының басында MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус өршіп, үш адам көз жұмған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше елдің билігі кемеден ертерек түсіп қалған жолаушыларды іздестіріп, олармен байланыста болғандарды тексеріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →