×

12 жастағы бала жетім қалды: Көкшетаудағы қайғылы апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Туысының сөзінше, отбасы сол күні қыз ұзату тойына байланысты Көкшетауға жиналған.

12 жастағы бала жетім қалды: Көкшетаудағы қайғылы апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Көкшетауда тұрғын үй ауласында көлік басып кеткен әйелге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Марқұмның туысы Threads әлеуметтік желісінде жүрек ауыртар жазба жариялап, сол күнгі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Туысының сөзінше, отбасы сол күні қыз ұзату тойына байланысты Көкшетауға жиналған. Әулет үлкен қуаныштың қамымен жүрген.

«Марқұм біздің туған тәтеміз болатын. Барлығымыз жақсы көңіл-күймен жиналып, қуанышты күнді күтіп жүрген едік. Бірақ аяқ астынан орны толмас қайғыға душар болдық. Әлі күнге дейін бұл жағдайға сену қиын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ марқұмның артында 12 жастағы ұлы қалғаны айтылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 9 мамыр күні Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада автотұраққа кіріп келе жатқан көліктің жаяу жүргіншіні қағып, кейін үстінен басып өткені көрінеді.

Куәгерлер бірден көмекке ұмтылып, жедел жәрдем шақырған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Бейнежазба астындағы пікірлерде желі қолданушылары көлік тізгінінде әйел адам болғанын жазуда. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →