×

Қазақстанда көлік салығына қатысты өзгеріс болуы мүмкін

Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін

Қазақстанда көлік салығына қатысты өзгеріс болуы мүмкін
Фото: unsplash.com

Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында көлік салығын өзгерту жоспары қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет басшысы жауапта көлік иелері көліктердің қызмет ету мерзімі мен құнына байланысты бірнеше жылдан бері жеңіл көліктерге салық салуды қайта қарау мәселесін айтылып жүргенін атап өтті.

Бектенов автокөліктің шығарылған жылына байланысты салық салудың сараланған тәсілі ұсынылатынын айтты.

«Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары бойынша төмендету коэффициенттерін белгілеу ұсынылады: шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін, 0,7; – шығарылғанына 20 жылдан астам автомобильдер үшін – 0,5».

Премьер-министрдің айтуынша, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.

«Ұсынылған тәсілдер бойынша түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін олар жаңа Салық кодексінің жобасына енеді», - деді Олжас Бектенов жауабында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәжіліс депутаты салафиттерден кейін енді тәңіршілерді тексеру керектігін айтты
Кеше, 17:00

Мәжіліс депутаты салафиттерден кейін енді тәңіршілерді тексеру керектігін айтты

Ол діни сенімді таңдау әр адамның өз құқығы екенін айтты
Депутат ұлттық ойындардардың бірінің атын өзгертуді ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →