×

Атыраудағы бір отбасының қазасы: күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылды

Тергеу нұсқасына қарасақ, ол кіші ұлын мамыр айында, ал қалғандарын қарашада өлтірген

Атыраудағы бір отбасының қазасы: күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылды

Атыраудағы бір отбасындағы төрт бірдей адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратура іс бойынша жаңа деректерді жариялады. Сот-психиатриялық сараптама Сұлтан Сәрсемалиевтің өз әрекетіне толық есеп бере алатынын анықтаған. Бұл жөнінде Атырау облысы прокуратурасы басшысының көмекшісі Жандар Болатбек мәлімдеді. Тергеу болжамына сай, отбасы мүшелері әртүрлі айларда қаза тапқан.

«Барлық жәбірленушілерде ас үй пышағынан салынған көптеген кесілген және сұғылған жарақаттар бар. Әрқайсысында кеуде, мойын және ішкі ағзаларының тұсында алты және одан да көп жарақат анықталған», — деді Болатбек.

Іс екі және одан да көп адамды өлтіру бабымен, сондай-ақ мүлікті жымқыру деректері бойынша тергеліп жатыр. Материалдар сотқа мамыр айында жолдануы мүмкін.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Атырауда бүтін бір отбасының жоғалып кеткені жайлы жаңалық шыққан еді. 6 қаңтар күні Атырау облысы Қызылқоға ауданында ауданында ерлі-зайыпты 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды. Олардың өліміне күдікті күйеуі баласы мен қызы Индонезияда ұсталып, 9 наурызда елге жеткізілді. 

Айта кетейік, 3 ақпанда Ақбаян мен Сұлтанның 5 баласын мемлекет қамқорлығына алды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →