×

Кентауда толассыз жауыннан кейін үйлерді су басты

Кентауда толассыз жауыннан кейін үйлерді су басты
Фото: Бейнеден кадр

Кеше Кентау қаласында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан бірқатар тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тұрғындардың айтуынша, жауынның күші соншалық кей үйлердің шатырынан су өтіп, баспаналардың ішіне дейін жайылған.

Салдарынан жиһаз, тұрмыстық техника мен киім-кешек суға малынып, жарамсыз күйге түскен. Кейбір отбасылар уақытша баспанасыз қалғанын айтып отыр.

Осы жағдайға байланысты Qaz365kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысы ТЖМ-ге ресми сауал жолдады. 

«23.04.2026 жылы Кентау қаласында қатты жаңбырдан кейін жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізілуде. Кейбір аумақтарда су деңгейі 10–25 см-ге дейін жеткен. Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы шамамен 180 адам, 24 мотопомпа және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар халыққа және ұйымдарға көмек көрсетіп, су сору жұмыстарын жүргізуде, су басқан аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде», – деп жауап берді Түркістан облыстық ТЖМ.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының Бостандық ауданында белгісіз ер адам автобус аялдамасында 66 жастағы зейнеткер әйелді соққыға жықты. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →