×

«Жеңіл ақшаға» алданба: Home Credit Bank студенттерге дропперлердің тұзағын қалай тануды үйретті

Home Credit Bank-тің талдау бөлімінің басшысы Салтанат Күлпейісова жылдың ең өткір қауіптері алаяқтық пен дропперлік туралы айтты

«Жеңіл ақшаға» алданба: Home Credit Bank студенттерге дропперлердің тұзағын қалай тануды үйретті
qaz365.kz

23 сәуірде Алматы экономикалық колледжінде цифрлық қауіпсіздік пен қаржылық мәдениетке арналған ауқымды FinHub форумы өтті. Онда реттеушілер жаһандық трендтерді талқыласа, нарық қатысушылары нақты әрекеттерге көшуде.

Home Credit Bank өкілінің баяндамасы қаржылық сауаттылықтың бүгінгі күні жай ғана жалықтыратын дәріс емес, табыс пен капиталды қорғаудың нақты құралы екенін көрсетті.

Қорғаныстағы технология: ЖИ қауіпті қалай таниды

Home Credit Bank-тің талдау бөлімінің басшысы Салтанат Күлпейісова жылдың ең өткір қауіптері алаяқтық пен дропперлік туралы айтты. Банктің ұстанымы нақты: клиенттің қауіпсіздігі  - бір реттік емес, үздіксіз әрі тұрақты процесс.

«Банк ЖИ (жасанды интеллект) негізіндегі технологиялық мүмкіндіктерді үнемі дамытып отырады. Біздің транзакциялық жүйеміз нақты уақыт режимінде мінез-құлық үлгілерін талдайды. Алаяқтар жылдам бейімделеді: бүгін олар ақшаны P2P арқылы аударса, ертең басқа банктердің банкоматтарындағы Apple Pay арқылы өткізеді. Біз жүйе ережелерін жүйелі түрде жаңартып отырамыз, өйткені екі ай бұрын өзекті болған дүние бүгінде пайдасыз болуы мүмкін», - деді Qaz365.kz журналисіне берген сұхбатында Салтанат Күлпейісова.

Банк жанама деректер арқылы алаяқтық белгілерін танитын ЖИ антифрод-моделіне ерекше көңіл бөледі: ол қосымшадағы терезелердің ауысу жылдамдығынан бастап, енгізілетін деректердің ерекшелігіне дейін бақылай алады. Егер жүйе қауіпті байқаса, өтінім бұғатталып, «оқытылған» қызметкерлердің қосымша тексеруіне жіберіледі. Олар клиентке фишингтің немесе әлеуметтік инженерияның ықпалында жүргенін түсінуге көмектеседі.

Дропперлік: жастарды «жеңіл ақша» арқылы алдау

Форумның өтуі экономикалық колледжде таңдалуы кездейсоқ емес. Home Credit Bank спикері жастардың өздері де байқамай, қылмыстық схемалардың қатысушысына айналып бара жатқанына назар аударды.

«Егер егде адамдар әлеуметтік инженерияның құрбаны болса, ал жастар жағы жаппай дропперлікке тартылуда. Telegram-каналдарда «оңай әрі заңды» табыс ұсынылады. Мысалы, салықтан жалтару үшін компанияның ақшасын шығарып беру керек дейді. Шын мәнінде, бұл көбіне зейнеткерлерден ұрланған ақша. Біз қаржылық сауаттылық сабақтарын барлық ЖОО-ларда, колледждерде, тіпті мектептерде болуын қолдаймыз», - деп атап өтті Home Credit Bank өкілі.

Шымкенттен цифрлық блоктарға дейін: жүйелі тәсіл

Алматыдағы форумға қатысу банктің азаматтардың қаржылық мәдениетін арттыру жөніндегі үлкен өңірлік стратегиясының бір бөлігі ғана.

Масштабтау: Жақында осындай оқыту семинары Шымкентте өтті, банк жоспарында Қазақстанның барлық аймақтарын осындай бастамалармен қамту көзделген.

Білім беру контенті: Онлайн-форматты қалайтындар үшін Home Credit Bank ресми сайтында өз блогын белсенді дамытуда. Онда қаржылық құралдарды талдау, қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер және киберқылмыскерлердің айласына түсіп қалмау туралы нұсқаулықтар тұрақты түрде жарияланады.

Адам факторы: құтқарудың бір тарихы

ЖИ-дің мықтылығына қарамастан, Home Credit Bank өз қызметкерлерінің қырағылығын мақтан тұтады. Спикер жақында болған сондай бір оқиғамен бөлісті:

«Біздің колл-орталық қызметкерлері терминал алдында телефонмен біреудің айтқанын істеп тұрған әйелді байқап қалды. Ол алаяқтардың арбауына түскені сонша, тіпті біз шақырған полициядан қашып кетпек болды. Нәтижесінде ақшаның басым бөлігін сақтап қалдық. Біз өз жауапкершілігімізді сезіне отырып, жай ғана адам ретінде көмектесе алғанымызға қуаныштымыз», - дейді ол.

Home Credit Bank ұсынатын 3 қауіпсіздік ережесі

Сыни ойлауды қосыңыз. Күмәнді қоңырауларға, «тиімді» жарнамаларға немесе тегін қызметтер мен сыйлықтар туралы күтпеген сілтемелерге сенбеңіз.

Ресми дереккөз ережесі. Егер сізге «қауіпсіздік қызметінен», емханадан, банктен немесе «ҰҚК-ден» қоңырау шалса, тұтқаны қойып, сол ұйымның ресми нөміріне өзіңіз қайта хабарласыңыз.

Ешқандай код бермеңіз. СМС-кодтарды және карта мәліметтерін үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз, олар өздерін кім деп таныстырса да, тіпті банк қызметкері болса да.

«Дүрбелеңге берілгенше, сақтанған дұрыс»,- деп түйіндеді сарапшы. Ол жоғары технологиялар заманында қаржылық сауаттылық әрбір қазақстандықтың қорғаны болуы тиіс екенін айтты.

Материал Алматы экономикалық колледжінде өткен FinHub конференциясының қорытындысы бойынша дайындалды. Қаржылық қауіпсіздік ережелері туралы толығырақ Home Credit Bank блогынан оқыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →