×

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →