×

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жауынға байланысты күшейтілген режимге көшті

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жауынға байланысты күшейтілген режимге көшті
Алматы әкімдігі

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. «Қазгидромет» болжамынша, қалада екі күн қатарынан нөсер жауын жауып, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктердің дерегінше, 16 сәуір күні сағат 16:00-ден бастап түнге дейін 17 мм-ге дейін жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ал 17 сәуірде жауын-шашын мөлшері 12 мм-ге дейін болады деп болжануда. Осыған байланысты қалада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жауын салдарымен күресуге 2 700-ден астам жол қызметкері, 104 арнайы техника және 75 жедел бригада жұмылдырылды. Су басу қаупі бар аймақтар үшін 2300 құм салынған қап дайындалып, 74 мотопомпа мен 12 ассенизаторлық көлік сақадай сай тұр. Сондай-ақ ТЖД тарапынан 240 қызметкер мен 50-ден астам техника кезекшілікке түсті.

Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға арықтардың, жол жиектері мен еңіс жерлердің маңында аса сақ болуды ескертеді. Мамандар ауа райы тұрақталғанша қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →