×

Павлодар облысындағы әскери бөлімде атыс болып, бір сарбаз қаза тапты

Тағы бірі ауруханаға түсті

Павлодар облысындағы әскери бөлімде атыс болып, бір сарбаз қаза тапты
Liter.kz

Павлодар облысында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде атыс болып, бір келісімшарт қызметкері қаза тапты, екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ жаудырған. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмып, тағы бір келісімшарт қызметкері жарақат алды. Зардап шеккен сарбаз дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, бірақ ауыр деп бағалап отыр.

Ішкі істер министрлігі аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың неден болғаны және барлық егжей-тегжейі анықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →