Лакшми Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма – Тамара Дүйсенова жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазір петицияға 5417 адам қол қойған 

Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының негізгі акционері Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін петицияның пайда болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір негізгі жұмыс компанияның өзімен жүріп жатыр. Әрине, акционерлердің бірі ретінде Лакшми Миттал айтылуда. Азаматтардың оған деген наразылығын қолдаймын. Иә, ол ең негізгі акционер ретінде өз мекемесінде өнеркәсіп қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінбегендігі жұмыскерлер мен олардың отбасылары тарапынан да, жергілікті азаматтар тарапынан да қарастырылыпты (петиция). Бұл –  азаматтардың құқығы. Егер петиция берілетін болса, ол жөнінде құқық қорғау органдары қарастыруы мүмкін», – деді Дүйсенова.

Еске салайық, қазақстандықтардың Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін петицияға қол жинап жатқандығы хабарланған еді.