×

Қазақстандықтар Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін петицияға қол жинап жатыр

Петицияда 15 жылда аталған нысанда 100-ден астам адам қаза тапқаны айтылған

Қазақстандықтар Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін петицияға қол жинап жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстандықтар «AрселорМиттал Tеміртау» (AMT) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Петиция Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазылған. Петиция авторларының сөзінше, соңғы 15 жылда аталған нысанда 100-ден астам адам қаза тапқан, сондай-ақ бұл жыл өткен сайын артып жатыр.

«Біз, петицияға қол қойған азаматтар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қожайыны Лакшми Миттал мен менеджері Палаватха Кришнанның қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрекетсіздікке барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз! Сондай-ақ компаниядағы еңбек жағдайын тексеруі тиіс мемлекеттік қызметкерлерді де естен шығармау керек!» – делінген құжатта.

Сондай-ақ, петиция авторлары соңғы 5 жылда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының табысы 1 трлн теңгені құрағанын айтады. Олар компания өзінің менеджері Палаватха Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге немесе айына 31,3 миллион теңге немесе күніне шаққанда 1,01 миллион теңге төлегенін атап өтті.

Еске салайық, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Соққы толқынының таралу диапазоны 2 км-ден асқан. Апат кезінде жер астында 252 шахтер болғаны хабарланды. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 45-ке жетті, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берген еді. Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле аяқталуға жақын екенін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →