Макрон Тоқаевқа француз тіліне қатысты өтініш айтты

Qaz365.kz редакциясы

Макрон екі елдің мәдени байланысына жеке тоқталды

Фото: akorda.kz

Франция президенті Эмманюэль Макрон ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстан мектептерінде француз тілінің қайта оқытылуын өтінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Эмманюэль Макрон Ақордада өткен жиында екі елдің мәдени байланысына жеке тоқталды. Оның айтуынша, екі ел көбірек мәдени байланысты нығайтса жақсы болар еді.

«Бұл тұрғыда өзара қарым-қатынастарымызды нығайтқан игі. Дәл қазіргі жағдайдан тыс көбірек іс тындыруға ниет бар. Мәселен бізге, француз тілін оқытуды қайтадан Қазақстан мектептерінде қайтару мәселесі өте маңызды. Біз қалыптасқан жағдайды жақсартуға бар күшімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған келісімдерден үлкен үміт күтемін, – деді Франция Президенті.