Премьер-министр журналистердің уәжінен кейін арнайы баннердің қасына келіп, сұрақтарға жауап берді
Бүгін Мәжіліс «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдаған. Оған Үкімет толық құрамда қатысты. Отырыстан кейін журналистер Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сұрақтарын қоймақшы болған. Бірақ көмекшілері кедергі жасап бақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Премьер-министр қашып бара жатқанда лифтіде ұсталып қалды. Сол тұста журналистер өз ойларын айтты.
«Ең жабық Үкімет басшысысыз, қанша уақыт болды, сұрақтарымыз жиналып қалды», – деді тілшілер.
Осыдан кейін Әлихан Смайылов арнайы баннердің қасына келіп, сұрақтарға жауап берді.