Ең жабық Үкімет: Әлихан Смайылов журналистерден неге қашып жүр

Qaz365.kz редакциясы

Премьер-министр журналистердің уәжінен кейін арнайы баннердің қасына келіп, сұрақтарға жауап берді

Бүгін Мәжіліс «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдаған. Оған Үкімет толық құрамда қатысты. Отырыстан кейін журналистер Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сұрақтарын қоймақшы болған. Бірақ көмекшілері кедергі жасап бақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министр қашып бара жатқанда лифтіде ұсталып қалды. Сол тұста журналистер өз ойларын айтты. 

«Ең жабық Үкімет басшысысыз, қанша уақыт болды, сұрақтарымыз жиналып қалды», – деді тілшілер.

Осыдан кейін Әлихан Смайылов арнайы баннердің қасына келіп, сұрақтарға жауап берді.