Павлодарда 13 жыл іздеуде болған әйел ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

67 жастағы алаяқ әйел ұсталды

Фото: polisia.kz

Павлодарлық жедел уәкілдер алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған  67 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 2006 жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу қызметтерін ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған.

Күдіктінің берген уәделерін күтіп шаршаған жәбірленуші полицияға арызданған. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 126  қылмыскерді іздестірді.

«Сот төрелігінен қашып жүргендер  жасаған әрекеттері үшін әлі де жауап беруі керек», – деді полицияда.