Ішінде 14 бала болған: Қостанайда оқушылар мінген автобус түгі қалмай өртеніп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті

Фото: Наша Газета (Костанай) телеграм арнасы

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті. Ішіндегі балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін сағат 09:00-де Арқалық – Торғай автокөлік жолының бойында, Мирный ауылынан 15 шақырым жерде  «Газ 322131-288» көлігі өртенді деген хабар түсті. 66 оқушы, 3 волонтер, 6 мұғалім, 1 медицина қызметкері, 1 инспектор мінген төрт көлік ауыл оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасына бара жатқан.

Дұрыс әрі шұғыл шешім қабылдай білген жүргізуші мен мұғалімдердің жедел қимылының нәтижесінде 14 оқушы жанып жатқан «Газельден» дер кезінде эвакуацияланып, лекке ілесіп келе жатқан 3 автокөлікке отырғызылды. Балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнген жоқ. Өрт сағат 10-нан 25 минут кеткенде сөндірілді», – деп хабарлады ТЖД қоғаммен байланыс тобы.