Болат Назарбаев ауыр халде ауруханаға түсті - БАҚ

Qaz365.kz редакциясы

 Ол Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілген

Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев Алматының орталық клиникалық ауруханасына ауыр халде түскен, деп хабарлайды Qaz365.kz

365info.kz хабарлауынша, кеше жұма күні миокард инфарктісі қайталанып, 
Орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз. Әсіресе, бүйрегі нашарлап кеткен.

Былтыр жабылып қалған "Экспресс-К" сайты Болат Назарбаевтың есік алдында, далада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арбада отырған видеосын жариялаған еді.

Басылым Болат Назарбаев 2015 жылы қатерлі ісікке (бүйрек карциномасы) шалдыққанын хабарлаған болатын.