Түркістан облысында таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскесі заңсыз берілген

Qaz365.kz редакциясы

8 қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөзден

Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскелерінің элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскесін рәсімдегені және 28 жер учаскесінің орнын заңсыз өзгерту фактілері орын алған.

Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен.

Аталғандардың негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады.