Air Astana ұшағында 7 жолаушыны күйік шалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Air Astana әуе компаниясының Ташкент–Алматы бағытындағы рейстің ұшуы кезінде 7 жолаушы жараланып, күйік шалған. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, KC 128 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:35-те ұшты. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына кірген. Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды.

"Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар әуежай қызметтеріне оқиға туралы хабарлады. Жедел жәрдем көліктері әуежайда жолаушыларды күтті. Әуе компаниясы болған оқиғаға өкініш білдіреді және рейс жолаушыларына барлық көмек көрсетеді. Оқиға фактісі бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізеді", - делінген хабарламада.