Тоқаев: Қазақстан реформатор мемлекетке айналды

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жаңа дәуірге шешуші қадам жасады

фото: t.me/bort_01

4 қаңтарда Конституциялық сот судьяларымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты, деп хабарлайды qaz365.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жаңа дәуірге шешуші қадам жасады.

Сондай-ақ Президент елімізде бұрын-соңды болмаған саяси реформалар жүргізіліп жатқанын қосты.

“Қазір әлемде мұндай ауқымды және мазмұнды реформаларды жүргізіп жатқан мемлекеттер көп емес. Бұл бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған факт”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев”