Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған болатын

Wikipedia

Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы қала прокуроры, Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Мақсат Қожабаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қожабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылған.

Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалған болатын.