«Әріптесі атып жіберген»: Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірген

фото: Halyq Uni

Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 12 қарашада болған.

«Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісін әріптесі абайсызда атып жіберді. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қазіргі күні қызметтік тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Ұлттық ұланның жоғарғы қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», – делінген хабарламада.