Мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен

Qaz365.kz редакциясы

Ақша бермеген жағдайда оның атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан

Алексей БУЛАТОВ

Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда.