Қаңтар оқиғасы - мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің әрекеті - бас прокурор

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, жағдайды өз пайдасына пайдаланғысы келгендерге наразылық шерулері таптырмас мүмкіндік болған

Бас прокурор Берік Асылов 2022 жылдың қаңтарында болған оқиға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет екенін айтты, - деп хабарлайды qaz365.kz 

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор қаңтарда елдегі жағдайдың өте күрделі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жағдайды өз пайдасына пайдаланғысы келгендерге наразылық шерулері таптырмас мүмкіндік болған.

"Қаңтардағы оқиға мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің мұқият жоспарланған операциясы екенін айта аламыз. Іс жүзінде төңкеріс әрекеті болды", - деді Берік Асылов.

Бас прокурор ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деген белгімен тергеліп жатқанын атап өтті.

"Материалда мемлекеттік құпия болғандықтан барлық процесс жабық өтеді. Істе сыртқы саясат, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Мұндай ақпаратты жария ету ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр", - деді ол.