Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын
27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасы бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Талдықорған мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімі бойынша күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды", – деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Осы жағдайдың мән-жайын толық білу үшін Qaz365.kz тілшісі жәбірленуші қыздың адвокаты Нұрлан Молбаевпен сөйлесті.