Жетісу облысында 20 млн теңгеден астам қаржыға көліктің VIP номерлері сатылды

Qaz365.kz редакциясы

Жетісу облысы құрылған уақыттан бері 64 VIP номер сатылды

"Жетісу облысы құрылған уақыттан бері, яғни 2022 жылдың 15 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 20 682 455 теңгеге көліктің 64 VIP  номері сатылды. Оның ішінде, 41 көліктің мемлекеттік тіркеу номері 19 аймақ белгісімен рәсімделді, деп хабарлайды qaz365.kz
Халықтың арасында 019 AAA 19, 919 AAA 19,
999 AAA 19 номерлеріне сұраныс жоғары",- деді "Азаматтарға арналған үкімет"  МК КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиев. 

Жалпы,  Жетісу облысында көліктің 19 аймақ мемлекеттік тіркеу номері 21 қыркүйектен бастап беріле бастады.  Осы уақыттан бері 4995 адам жаңа аймақтың  номерімен көліктерін рәсімдеді. 

Айта кетейік,  жалпы көлікке 
VIP номер алудың бағасы 174-698 мың теңге аралығында. Мәселен, 010,020.030 сынды сандардан басталатын көліктің VIP  номері 174 591 теңге болса,100, 200,  500 сынды сандар - 419 631 теңге. Ал 001,  002, 003, 007 VIP номерлердің бағасы 698 364 теңгеге бағаланған.