«Ішім удай ашиды»: Бекболат Тілеухан түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдыға неге бармады

Qaz365.kz редакциясы

Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұқбат берді

Фото: ашық дереккөздерден

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, өзінің досы Қайрат Сатыбалдыұлы туралы пікірін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, темір тордың арғы жағында отырған досына ол осы күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген.

«Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын», – деді ол.

Еске салайық, Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға сотталған болатын.