Елімізде үй бағасы бірнеше жылда алғаш рет төмендеді

Qaz365.kz редакциясы

Бір айда (2022 жылғы қарашадан желтоқсанға дейін) пәтерлерді қайта сату 1,5% төмендеген

egemen.kz

2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, айлық (2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қарашаға қарағанда) мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.

Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.

Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда  (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%).