3,6 миллиард теңге залал: Іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Грузияда 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген күдікті қазақстандық ұсталды.

«Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деп айыпталып отыр. Келтірілген шығын 3,6 миллирад теңгеден асады», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден аса жәбірленуші анықталған. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.