Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Таймерденовті қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына, яғни 65 жасқа толуына байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді", – деді Денис Шипп.