Жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылады

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа ипотека нарыққа шығады

Фото:depositphotos.com

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «9-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министр «Отбасы банкі» мен «Бәйтерек» ұлттық холдингімен бірлесіп жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаны іске асыруға жыл сайын 150 млрд теңге қажет.

«8 мың отбасы немесе адам ипотека ала алады. Бұл ретте 100 млрд теңгені нарықтан, «Отбасы банкінің» таза табысынан қалған 50 млрд теңгені бөлу қажет. Нәтижесінде бұл қаржы көздерін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы тиіс», – деді ол.

Әлихан Смайылов жаңа бағдарламаның жастарға арналатынын баса айтты.

«Келесі жылы бұл бағдарлама іске қосылады», – деді Премьер-министр.