«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»: Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарық көрді

Qaz365.kz редакциясы

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шықты

Фото: Qaz365.kz

Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі nazarbayev.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа" атты кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады.

Автор жеке сырын жазды. Қаңтар оқиғасына қатысты пайымдаулары да бар.

Кітап "Меломан" және "АлматыКітап" дүкендер желісінде сатылымға шықты.

Айта кетейік, бүгін – Қазақстанның тұңғыш Президенті күні. Ол 2011 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Содан бері қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалып келді. Ал 2022 жылы бұл мерекені мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастады. Алайда датаның өзі қалды.