Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды

Qaz365.kz редакциясы

Ауа райы қолайсыздығы

Фото: zakon.kz

Елордада ауа райының нашарлауына байланысты оқушылар мен студенттер 5 желтоқсанда онлайн оқиды. Бұл туралы Астананың Білім басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2023 жылы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждердің (1-2 курс) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.