12 баласы бар әке ұл-қыздарын танымайтын болып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Оның 8 қыз, 4 ұлы бар екен

видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тойда түсірілген видео тарады. Онда асаба 12 баласы бар әкеден ұл-қыздарының есімін сұрайды. Әкесі танымайтын болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бірінші баласының аты мен туған күнін дұрыс айтады. Ал төртінші баласының туған күнін білмей, қате айтты. Бір қызығы, анасының да есінде жоқ. Үшінші және жетінші баласының атын да айта алмай қиналды.

Асаба үйіне барып, бала-шағасымен дұрыстап танысу керектігін айтып, әзілдеді. Жалпы, той қонағының 8 қыз, 4 ұлы бар екен.

«Аллаға шүкір, ағамыз бен апамыз мықты екен. Алла қуат берсін», «12 баласы болса да, екеуі де жас көрінеді», «Мен екі баламен миым ашып кетті, үшіншісін көтеріп едім, мүлдем өз атымды ұмытып қалдым», «Перзентханаға босануға барғанда, өзің толғатып тұрасың, балаларыңның мәліметтерін алады. Сол кезде шатасасың», «Біз төрт баланың да туған күнін шатасып жүрміз», «Сол балалардың қызығына тоймай шапқылап жүре беріңіздер», «Бізге де жұғысты болсын, күлсем басымызға келеді», «Осы тамада тойдың бәрінде осы сұрақтан басқасын қоймайды» деген пікірлер бар.