Димаш Құдайберген қытайлық фильмді дубляждады

Qaz365.kz редакциясы

Димаш Құдайберген шетелдік фильмді дубляждады

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады.

Қытай мифтері мен аңыздарына сүйенсек, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретеді. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға.

Қытайлық БАҚ хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.