«Үздік педагог – 2023»: елорданың бірнеше ұстазы марапатталды

Qaz365.kz редакциясы

Астананың бірнеше педагогы марапатталды

Фото: gov.kz

«Үздік педагог – 2023» атағын беруге арналған республикалық конкурстың ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша Астананың бірнеше педагогы марапатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауының жеңімпаздары болып келесі елордалық педагогтер анықталды:

  • - Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ тәрбиешісі Иванова Елена Ивановна;
  • - Астана қаласының «№8 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы;
  • - Астана қаласындағы «№93 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даривхан Нұргүл;
  • - Астана қаласындағы «Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL-мектеп-лицейі» математика пәнінің мұғалімі Төлегенова Салтанат Жеңісханқызы;
  • - Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Тұранов Серік Әбілдаұлы;
  • - Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Халиди Күнсұлу Амантайқызы.