Алматыда оқушылар қатты аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілді

Qaz365.kz редакциясы

Аязға байланысты оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Фото: primeminister.kz

Алматыда қатты аязға байланысты 0, 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында ауа райы күрт суиды:

  • 13 желтоқсан – түнде қатты аяз 23-25 градус;
  • 14 желтоқсан – түнде қатты аяз 25-27 градус.

«13-14 желтоқсан күні 0, 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген Алматы қаласы білім басқармасының  хабарламасында.