Астаналық әйел кинодан рөл алу үшін алаяққа 600 мың теңгесін беріп қойған

Qaz365.kz редакциясы

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды

astanatv.kz

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамның тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және ақшасынан айырылғанын айтып арызданған.

"Тергеу барысында әйел WhatsApp мессенджерінің чатынан ер адамның белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда рөл ұсынғаны туралы хабарландыруын көрген. Оның уәделеріне қызығып, әйел оған 600 мың теңге жіберіп, балалары кинода рөл алады деп үміттенген. Бірақ күдіктінің уәделері екі айға созылып, осы уақыт ішінде ол әртүрлі сылтаулар айтқан", – делінген хабарламада.

Телехикая рөлінде ойнауды күте-күте жалыққан әйел полицияға жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Астана Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.