Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

Qaz365.kz редакциясы

Жұмыс кестесі жарияланды

ашық дереккөзден

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, - деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда ХҚКО мен Арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейтіні хабарланды.

"Бұл ретте 18 желтоқсанда, дүйсенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдайды, сейсенбі - 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді", – делінген хабарламада.