Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында 400 миллион теңге ұрланған - прокуратура

Qaz365.kz редакциясы

«Қазақфильмде» 400 миллион теңге ұрланған

Фото: kazakhcinema.kz

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», – делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.