"Мұрнын сындырған": Алматыда тәртіп бұзғандар полицейлерге боғауыз сөз айтып, соққыға жыққан

Qaz365.kz редакциясы

Қызметтік тексеру тағайындалды

видеодан кадр

Алматының ПД полиция қызметкерлері мен тәртіп бұзушылар арасында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде полицейлер қызметтік міндетін атқарып жүргенде жас жігіттермен сөзге келіп, артынша төбелескені түсіп қалған видео тарады. Бұл мәселеге қатысты ПД пікір білдірді.

“Алматы қалалық полиция Департаменті, видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамдарды ұстау сәті түсірілгенін хабарлайды.
Сонымен қатар, төрт ер адам өздерінің заңсыз әрекеттерімен тоқтатылған «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн, ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз, соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.
Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.
 Сондай-ақ, қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.